Көкшетауда мұқтаж жандарға 18 кресло-арбалары берілді. Аймақта мүгедектерге қолдау көрсету және оңалту бағдарламаларына сәйкес тұрақты жұмыстар жүргізілуде,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі жыл сайын бұл бағытта оңалту шараларын ұйымдастырып келеді.
Сала мамандарының айтуынша, 2020 жылғы қаңтардан бастап мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту үшін әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс істей бастаған.
Күн сайын «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ арқылы оңалту құралдары мен жүріп тұруына арналған жеке заттарға өтініштер қабылданады. Мұның барлығы «Е-собес» электрондық базасына енгізіледі.
Азаматтардан келіп түскен өтініштерге байланысты оңалту құралдарымен қатар жеке гигиена заттары да беріледі.
Жалпы, жыл басынан бері тиісті рұқсатнамалар негізінде арнайы кезектілікпен 240 арба берілді. Оның ішінде 111-і серуендеуге арналған, 106-сы бөлмеге арналған кресло-арба болса, 8-і электр жетегі бар арба және қосымша балаларға арналған 2 кресло-арбалар таратылды, – дейді Көкшетау қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен.
Азаматтардың жеке мәселелері мен өтініштері үшін Көкшетау қаласының Әуезов көшесі, 189, Абай көшесі 142, Н.Назарбаев даңғылы, 73 және Красный Яр селолық округі Тәуелсіздік көшесі,16 мекенжайы бойынша орналасқан ХҚКО-ларға жүгінуге болады.