spot_img
Жексенбі, Наурыз 3, 2024
-6.8 C
Kokshetau

Барлық аймақта көмір тапшылығы жоқ-Бейбіт Атамқұлов

Сондай-ақ...оқыңыз

Әкімдіктер автономды қазандықтар үшін отынды уақтылы сатып алу және әкелу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауы қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

«Алдағы жылыту маусымына отын қажеттілігі 1 237 мың тонна көмір мен 214 мың тонна мазутты құрайды.Бүгінгі күні 1 139 мың тонна көмір және 144 мың тонна мазут дайындалды. Қазандықтар үшін мазутты сатып алудың қарқыны Ақмола, Жамбыл облыстарында төмен екені байқалады. Әкімдіктер автономды қазандықтар үшін отынды уақтылы сатып алу және әкелу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауы қажет», – деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның айтуынша, көмір өндіруші компаниялар 2020 жылдың 8 айында 69 млн тонна көмір өндірді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне сәйкес келеді. Көмірді экспорттау 18,5 млн тоннаны құрады.

«2020-2021 жылдардағы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтар мен халыққа арналған көмір тұтыну көлемі шамамен 10 млн тоннаны құрады, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға 2,8 млн тонна, тұрғындар – 7,2 млн тонна болады. 2020 жылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы жоспарға сәйкес көмір қорымен коммуналдық-тұрмыстық сектор 76, тұрғындар 65 пайыз қамтамасыз етілді. Барлық аймақтарда көмір қоры дайындалған және тапшылық жоқ. Өңірлер көмірді кестеге сәйкес жеткізіп жатыр», – деді министр.

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, жылу беру маусымына дайындық басталғаннан бастап осы жылдың 1 мамырынан осы күнге дейін теміржол көлігімен 22,1 млн тонна көмір тасымалданды. «Бұл 2019 жылдың тиісті кезеңіндегі көрсеткіштен 0,4 пайызға артық. Темір жол көлігінің паркі қажеттілікті толық қамтамасыз етеді», – деді ол.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

2023 жылы 140 мыңнан астам ақмолалық АИТВ-ға тестілеуден өтті

Бірінші наурызда ЮНЭЙДС бастамасымен, бүкіл әлемде "Кемсітушілік нөлі" күні атап өтіледі. 2024 жылғы ұраны - "Әркімнің денсаулығын сақтау үшін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img