spot_img
Сәрсенбі, Шілде 29, 2026
20.3 C
Kokshetau

Ішімдік ішіп, сүйіктісімен жандалдасып, пышақ сұққан әйел ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда сүйіктісімен ішімдік ішіп отырып, жанжалдасып пышақ сұққан 33 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды «Аqmola News » облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше,   Көкшетау қалалық полициясының кезекші бөліміне қалалық аурухананың медбикесі хабарласып, 36 жастағы жергілікті тұрғынның «іш тұсынан тілік жарақаты» диагнозымен түскенін айтқан.

«Осыған байланысты тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі бойынша («Денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру») сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», – дейді ведомстводан.

Жедел-іздестіру шарасы кезінде тәртіп сақшылары зардап шеккен ер адамға ауыр жарақатты он айы бойы кездесіп жүрген 33 жастағы таныс әйелдің салғанын анықтады. Белгілі болғандай, арақ ішіп отырған олардың арасында екеуара жанжал шығып, қызғаныштан әйел ер адамға пышақ сұғып алған. «Күдікті ұсталып, қылмысын мойындады. Қазіргі кезде оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп толықтырды ведомстводан.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Цифрлық құқық дегеніміз не?

Ата заңның 18-бабында әр адам жеке өмірі мен отбасы құпиясын сақтауға толық құқылы екені анық жазылған. Технология дамыған заманда...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика