spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 1, 2024
9.2 C
Kokshetau

Зеренді ауданында іске асырылып жатқан жобалардың игілігін халық көре бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Биылғы жылы Зеренді ауданы бойынша 11 ауылдың жолына күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар 4 мәдениет ошағы қалыпқа келтіріліп, аудандағы елдімекендердің көбі сапалы ауыз сумен қамтылды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Жалпы құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын жоба ауданның ифрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Заречный ауылы мен қалаға қатынайтын жолды жалғастыратын көпір құрылысы да аяқталуға жақын.  Бұл мақсатқа «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының аясында бюджеттен 368 млн. теңге бөлінген.

11 елдімекенде ұзындығы 37 шақырымнан асатын су құбырлары желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз  етуге 422 миллион теңге бөлініп отыр.Аудан орталығын абаттандыруға қатысты 9 жоба жүзеге асырылуда,-дейді аудан әкімі Бауыржан Ғайса.

Өркен, Қызылтаң, Қонысбай ауылдарындағы мәдени ошақтарды жөндеу жұмыстарына бюджеттен 70 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Сонымен қатар,  Шағалалы орта мектебіне де күрделі жөндеу жүргізілген.

Биыл Зеренді ауданы бойынша ауылдардың арасын жалғайтын жолдарға да жөндеу жүргізілген. Викторовка, Приречное мен Шағалалы елдімекендерінің жолдарына асфальт төселді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img