spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
9.5 C
Kokshetau

«Көкшетау» газеті 90 жылдық мерейтойға орай 5 миллион теңгенің сертификатына ие болды

Сондай-ақ...оқыңыз
Бүгін Көкшетаулықтар жарыса оқып, тың жаңалықтардан хабардар болып отырған қалалық «Көкшетау» газетіне 90 жыл толды,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Қала әкімі Амангелді Смайылов «Көкшетау» газетінің ұжымын басылымның 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, редакцияның материалдық-техникалық базасын нығайтуға 5 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.
Жылдар ағымына сәйкес, атауы ауысып, құрамы өзгергенмен, «Көкшетау» газеті еш уақытта өзінің түпкі айтар ақиқатынан тайған жоқ. «Көкшетау» газеті – қалың көпшілік үшін шоқтығы биік басылым. Қаншама буын журналистер қауымын дайындап, сөздің шеберлігі мен ойдың өзектілігін көрсете білді. Журналистиканың майталман шеберлерін жинай білген газет, өз ұжымымен мақтана алады. Осы орайда, газет тізгінінде отырған «Көкше-Медиа» ЖШС-нің директоры Жалғасбек Маратұлы Сүлейменов, бас редактор Серік Сапарұлы Жетпісқалиев пен барлық ұжымды мерейтойларыңызбен құттықтаймыз. Шығармашылық табыс, таусылмас шабыт тілейміз!,- делінген хабарламада.
Мереке күні бірқатар ардагер журналистер мен газет қызметкерлері облыс және қала әкімінің алғыс хаттарына ие болды.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img