spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
16.2 C
Kokshetau

«Біз – Абай жолындамыз»онлайн байқауының жеңімпаздары анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойына орай Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі Ақмола облысы Оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып республикалық «Біз – Абай жолындамыз» онлайн эссе байқауын өткізген болатын. Байқау қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Байқауға қатысуға тілек білдірген 42 үміткер заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын оқып шығып, ақтық кезеңге жолдама алды. Онлайн байқаудың мақсаты да сол, «Абай жолы» романының жаппай оқылымын ұйымдастырып, жастар арасында Абайдың тарихи тұлғасын кеңінен танымал ету болды.

Байқаудың қорытынды кезеңі ғаламторлық конференция арқылы өтті. Бұл кезеңде қатысушылар Zoom мобильдік қосымшасы арқылы Ақмола облысы Оқу-әдістемелік орталығының вебинарына қосылып, вебинар барысында өздері оқыған «Абай жолы» романы негізінде «Атаның ұлы емес, елінің ұлы» тақырыбында шағын эссе жазып, дайын болған туындыларын Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесіне жолдады. Ал, байқауға орыс тілінде қатысқан үміткерлер «Духовная натура поэта и мелодия любви» тақырыбына қалам сілтеді. Байқауға келіп түскен эсселер Ақмола облысы Оқу-әдістемелік ортығының білікті мамандарынан құрылған қазылар алқасымен қаралып, осының негізінде байқаудың қорытындысы шығарылды, – дейді Ақмола облысы рухани жаңғыру өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Марал  Жақыпова.

Тәжірибелі тілші-әдебиетші мамандардан құралған қазылар алқасының шешімі бойынша мемлекеттік тілде жазылған эсселер арасында ойының түйінділігі, тілінің оралымдылығымен көзге түскен үміткер Ерден Нұрахметтің эссесі бірінші орынды иеленді, ал тіл көркемдігімен өзгеден ерек көрінген Айгүл Серікбай екінші орынды, Кәмиля Қанатай, Томирис Райхан үшінші орынды қанжығаға байлады.
Орыс тілінде қалам тербейтін жас эссеистер арасында Аслан Абуталиповтың мерейі үстем түсіп, Ақмарал Мырзабаева есімді үміткер үшінші орынға жайғасты.
Сондай-ақ, қаламгерлік өнерімен қазылар алқасының көңілінен шыға білген Дінмұхамед Кенжебек, Гүлзат Болатова, Жұлдыз Тоқтағанқызы, Аяжан Танкаева есімді қатысушылар да жүлдеден шет қалмады.
Байқаудың жеңімпаздарына Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі атынан құнды сыйлықтар тағайындалды.
Осы орайда, «Біз – Абай жолындамыз» республикалық байқауына үн қосып, оқырмандық мәдениетті қалыптастыруға түйірдей болсын үлесін қосқан жас эссеисттердің басым көпшілігі Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің шәкірттері – болашақ тілші-әдебиетші мамандар екенін айта кеткен жөн.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img