spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ақмолалық еріктілер «Алжир» музейінің жөндеу жұмыстарына қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

«Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Birgemiz:Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы аясында «АЛЖИР» музейіне барып, жөндеу жұмыстарына қатысты,- деп хабарлайды «Aqmola News».

«Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының баспасөз хатшысы Серік Бағланның айтуынша, мұндағы негізгі мақсат – мәдени-тарихи мұраны сақтау және дамыту, тарих, мәдениет ескерткіштері мен мемориалдық кешендерді қалпына келтіру.

«Алжир» музейі еліміздегі маңызды тарихи-мәдени орындардың бірі. Бұл жерде қаншама әжелеріміз, аналарымыз жазықсыз азапталып, көз жұмды. Осындай киелі жерді реставрациялау үшін «Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасының 10 волонтері жұмылдырылды. Музей қызметкерлерінің нұсқауымен волонтерлер сол жердегі экспонаттардың шаңдарын сүртіп, тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстар жастар арасында қол еңбегін насихаттауға көмектеседі деп ойлаймын», – дейді «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Сәдуақасова.

Алдағы уақытта реставрациялық жұмыстар аяқталғаннан кейін волонтерлер үшін музейге арнайы экскурсия жүргізілмекші.

 

7

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img