spot_img
Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
8.2 C
Kokshetau

Зеренділік диқандар орақ науқанын облыс көлемінде алғашқы болып аяқтады

Сондай-ақ...оқыңыз
Зеренді ауданының Күсеп ауылдық округінің «Дихан Плюс» ЖШС-і Ақмола облысында 2020 жылдың астық ору науқанын 6 қыркүйекте аяқтап облыс ішінде жеңімпаз атанды,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Астық өсірушілер егіс алқабынан уақытылы 26 тоннадан астам дәнді, бұршақ және майлы дақылдарды бастырып үлгергені зор нәтиже. Ауа-райының қаталдығын, жайсыз жазын ескерсек, бұл деген ерлікпен пара-пар. Барлығы 21563 гектар жер алқабынан гектарынан орта есеппен 13,4 центнердей өнімділік көрсеткішімен астық оралды.
Зеренді ауданының әкімі Б. Ғайса қажырлы еңбектің нәтижесін өз көзімен көріп жеңімпаздарды құттықтады. Кәсіпорынның өндірістік базаларын қарап шыққан әкім жұмыскерлердің орташа айлық жалақысының мөлшеріне және кәсіпорынның үйлесімді ұжымына риза болып, қызметіне оң баға берді. Облыстың аграрлық секторын дамытуға қосқан үлесі үшін әкім шаруаларға алғысын білдіріп, «Дихан Плюс» ЖШС басшылығына медаль табыс етті. Алайда атқарар жұмыстар алда, сондықтан жақынына қол созу, көмек беру ұғымдарымен таныс дала еңбеккерлері комбайндарын оталдырып көрші алқаптарға көмекке аттанды.
Көмек демекші, кәсіпорын басшысы С.А. Айтхожин – өз ауылында танымал меценат. Жыл сайын жергілікті мектепке, балабақшаға, ауылдық клубқа, зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасыларға демеушілік көмек көрсетіп отырады.
«Дихан Плюс» ЖШС-н тамаша нәтижесімен құттықтаймыз! Аудан диқандарына егіннің ойдағыдай жиналуын тілейміз!
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img