spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 6, 2024
13.2 C
Kokshetau

Ақкөлдегі шаруашылық қазақтың ақбас тұқымын өсіруде жаңа технология электршопан мен жел сорғыларын пайдаланады

Сондай-ақ...оқыңыз
«Akkol Beef» ЖШС 2016 жылы құрылды. Шаруашылық Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округінің аумағында орналасқан. Қазақтың ақбас ірі қара мал тұқымын көбейтуді қолған алған,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Шаруашылық директоры – Сейтқамзин Расул Нұрбекұлының айтуынша, мұнда ет бағытындағы ірі қара мал өсірумен айналысып келеді.
Әсіресе, қазақтың ақбас қара мал тұқымын көбейтуді қолға алған.
Бүгінгі күні жалпы мал басы – 320 басты құрайды, оның ішінде аналық мал басы – 265 бас.
Жұмыскерлердің еңбекқорлығы мен мемлекеттің жайылымдарды суландыруға, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға және ІҚМ селекциялық жұмысты жүргізуге арналған шығындарды субсидиялауы арқасында серіктестік жұмысы жанданып келеді.
Сондай-ақ, кредит беру және қаржы лизингі кезінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түріндегі қолдаулар да, серіктесікке ІҚМ басын 800 – 1000 басқа дейін жеткізу мүмкіндігіне қол жеткізді.
Шаруашылықтың 800 га егістік және 7500 га жайылымдық жерлері бар. Егістік жер негізінен жемшөп өндірісі үшін қолданылады. Ірі көлемде жем-шөп өндіру үшін сұлы сияқты біржылдық өсімдіктер өсіріледі. Дәнді дақылдарды өсіру үшін егістік жерлерді кеңейту жоспарлануда. Жайылымдар сәуірден бастап, қараша –желтоқсан аралығында мал жаю үшін пайдаланылады,-дейді Расул Сейтқамзин.
Серіктестік өз жұмысында жаңа технологиялар электршопан арқылы жайылымдарды қоршап, малға ие болу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Ал жайылымдарды суландыру кезінде жел сорғыларын пайдаланады.
Қыс мезгілінде шаруашылық жұмыскерлерінің саны 4 адамды құрайды, маусымда олардың саны 10 адамға дейін артады.
Еңбек ресурстарын оңтайландыру үшін барлық жұмыс үдерісін барынша механикаландыруға баса назар аударылады.
Осы мақсатта ауыл шаруашылығы техникасы паркі қажетті машиналармен жабдықталады.
Айталық, мемлекет АӨК дамыту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Нәтижесінде, еліміз бойынша да, біздің ауданымызда да табысты және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының саны өсуде.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img