spot_img
Жексенбі, Қараша 1, 2026
11.2 C
Kokshetau

Бурабай көлінде шабақ балықтар қырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Бурабай көлінде шабақ балықтар жаппай қырыла бастаған. Бұл туралы әлеуметтік желілерде видео таралды, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Көл бетіне толып кеткен өлі балықтар тұрғындардың үрейін ұшырған.
Аталған жағдайға байланысты «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің басшысы өз пікірін білдірді.
Табиғи ұлттық паркі директорының айтуынша көлде ешқандай химиялық заттардан улану болмаған.

Биылғы жаз уақытындағы аптап ыстықтар көлдің деңгейін едәуір төмендетті. Тексеріс барысында көл деңгейінің 35 сантиметрге дейін тартылғаны анықталды. Бұл табиғи жағдай. Көл көктем уақытында қар суымен толықса, жазғы уақытта арнасынан төмендеп кетеді. Бірақ биылғы ыстық ауа райы көлдің деңгейін жылдағы мөлшерден көп төмендеткен. Соңғы 5-8 күні жауған жаңбырдан кейін Сарыбұлақ өзені Бурабай көліне ағып, балықтар жылы суға қарай көтеріліп, судың бетіне атқып шыға бастаған. Дәл осы кезде балықтар бір-бірін басып-жаншыған тұста ұсақ шабақ балықтар қырылған. Мұндай жағдай балықтар көп шоғырланған кезде жиі болады. Ол онша көп те емес. Шамамен мыңдаған балықтың 5-6 келі шамасында майда шабақтар өлген. Көлден және өлген балықтарға зертханалық бақылау жасалды. Тексеріс барысында ешқандай қауіп-қатер анықталмады, – деді «Бурабай» мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің директоры Сергей Быков.

«Бурабай» ұлттық табиғи паркінің директоры аталған факт бойынша балықтарға да көл суына да зертханалық сараптаманың жүргізіліп жатқанын жеткізді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика