spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
6 C
Kokshetau

Бурабайдағы «IQanat» мектебінің басшылығы маскасыз суретке қатысты түсініктеме берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай ауданындағы мектептің ашылу рәсімінде мектеп оқушылары мен қонақтарда медициналық маскалардың болмау фактісіне қатысты аталған мектеп басшылығы түсініктеме берді, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бурабай ауданындағы «IQanat High School of Burabay» мектебінде суретке түсу кезінде келушілердің медициналық маскасыз болғандығы әлеуметтік желілерде едәуір жұртшылықтың шу көтеруіне себепші болған.

Аталған фактіге қатысты еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова кінәлілердің жазаланатындығын айтқан.

Мектеп басшылығының мәліметінше, оқуға түсушілер мектеп аумағындағы арнайы әзірленген орындарда оқшауландырылып, екі апталық қатаң карантинде болған. Сондай-ақ, оқушылар мен оқытушылық, әкімшілік мектеп қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері де COVID-19-ға екі мәрте ПТР тестілеуден өткізілген. Ісшараға балалардың ата-аналары мен шектеулі ғана қонақтар шақыртылған.

Мектеп әкімшілігі суретке түсу үшін оқушылардың медициналық бетперделерін шешкенін түсіндірді.

Естеріңізге сала кетсек Бурабайдың көрікті орындарының бірінде 10-11 сынып оқушыларына арналған «IQanat» білім беру қорының алғашқы орта мектебі ашылды. Жобаның мақсаты еліміздің әр аймағындағы ауыл балаларының сапалы білім алуына ынталандыру және қолдау болып табылады.

Карантин шараларын сақтаудың маңыздылығына қатысты мектеп ұжымы оқушылардың өмірі мен денсаулығы жауапкершілік арқалайтынын сезіне отырып, мектеп басшылығы түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін, маска режимінің бұзылу фактісі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл төленетінін хабарлады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img