spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
6 C
Kokshetau

Ақмола облысында тұмауға қарсы екпе егу шараларына әзірлік басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында екпе егу науқанына байланысты дайындық шаралары басталды. Өңірде  293 екпе егу кабинеттері жұмыс істмек. Бұл туралы өңірдің бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім етті,-деп хабарлайды Aqmola News.

Ауру  қаупі төнген 82 мыңнан астам  адамға  екпе тегін егілмек.

«Жергілікті бюджет есебінен 13 миллион 962 мың теңге сомаға 16 100 екпе сатып алынды. Ресейде өндірілген «Гриппол плюс» екпесі егілетін болады. Аталған екпеде А және В түірдегі вирустарына қарсы инактивтендірілген антигендер бар. Дәл осылар алдағы эпидемиялық маусымда қауіпті болады деп болжануда», – дейді елді екпе салуға арналған брифинг барысында Айнагүл Мусина

Бас санитар дәрігердің айтуынша тұмаудың басты қаупі оның созылмалы ауруларға ауысып, асқынып кететіндігі. Онымен күресу кәдімгі тұмауға қарағанда аса қауіпті.

Аурудың алдыну алудағы тиімді тәсіл – екпе жүргізу. Тұмаудан қалыптасқан иммунитет уақыт өте келе әлсірей бастайды. Сондықтан жыл сайын екпе егу ұсынылады. Тұмауға қарсы екпе алу үшін тіркелу орнына жүгіну қажет. Екпе егуге медицина қызметкерлері, жүктілігі 2-3 айлық әйелдер, созылмалы аурулармен ауыратын диспансерлік тізімде тұратын адамдар, жабық мекемелердің қызметкерлері мен алты айынан бастап жиі ауыратын балалар жатқызылады», – деп толықтырды Айнагуль Мусина.

Заманауи тұмау екпесі шамамен ересек адамдар мен балалардың 70-90 пайызын аурудан қорғайды.

«Қазіргі уақытта кәсіпорындармен ақылы екпе салу мәселесі талқылануда. Шамамен екпе егі құны 2-2500 теңгені құрап отыр, – дейді облыстың бас санитар дәрігері.

Естеріңізге сала кетейік, тұмауға қарсы екпе коронавирус инфекциясына иммунитеттік қалыптастырмайды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img