spot_img
Бейсенбі, Сәуір 16, 2026
2.2 C
Kokshetau

Жеке сот орындаушылары қала тұрғындарынан жылу қарыздары үшін 22 миллион теңге өндіріп алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының тұрғындары жылуға   шаш-етектен қарызға батқан.  Ақмола облысы жеке сот орындаушылары борышкерлерден  22 миллион теңгеден астам   қаражатты өндіріп алды, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Жалпы , жыл басында көкшетаулықтардың «Көкшетау Жылу» коммуналдық мекемесіне қарыз сомасы 70 миллион теңгеге жетіп жығылған.   Дегенмен, сот орындаушыларының тиісті жұмыстарының нәтижесінде қарыз сомасы айтарлықтай қысқарыпты.

Қазіргі таңда сот орындаушылары  22  309 270 теңге сомасындағы 1164 атқару құжатын орындады. Дегенмен, жылу үшін қарызын қайтармаған қала тұрғындары әлі де болса көп. Қазіргі уақытта  44 миллион теңгеден астам қарызды құрайтын 1029 құжат бойынша өндіру жұмысы жалғасуда, – дейді Ақмола облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының төрайымы Жанар Әбілқасымова.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әңгімелесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланды

Соның ішінде өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, энергетика, логистика, агроөнеркәсіп кешені, білім және туризм салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды. 🟦Бұдан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика