spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
8.4 C
Kokshetau

Ақмолалық праймеризге үміткерлер 14-30 қыркүйек аралығында пікірсайыс алаңдарында кездеседі

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыста барлығы 854 праймеризге үміткер, олар 222 топқа бөлініп, дебатқа қатысады.  Әр топта  3-тен 6-ға дейін дебатқа қатысушылар бар. Ақмола облысы бойынша   200-ге жуық пікірсайыс алаңдары анықталды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Өткен аптада «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушылар арасында дебат өткізудің жеребесі тартылды.

Дебаттарды өткізу 14-30 қыркүйек аралығында өткізу жоспарланған және барлық пікірсайыстар әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі. Партияның партияішілік сайлауы 1 мен 3 қазан аралығында өтеді, сайлаушыларға онлайн дауыс беріледі.

Өңірде алғашқылардың бірі болып жеребе тартуды Жақсы аудандық филиалы өткізді. Аудан бойынша праймеризге қатысуға тіркелген 39  кандидат 11 дебат алаңында кездеседі.

Мұғалім, кәсіпкер және ауыл шаруашылығының маманы бір аудиторияда елді мекендердің мәселелерін шешуге қатысты көзқарастарымен бөліседі. Сонымен бірге партияның аумақтық және аймақтық филиалдарының сайлауалды тұғырнамаларын жүзеге асыру бойынша пікірлерін білдіреді. Бұл праймеризге қатысушыларды біріктіретін ортақ мақсат болмақ.

Партияның аумақтық филиалдарында арнайы жеребе тартуға арналған лотерея барабаны көмегімен сандарды таңдау арқылы жүзеге асырылды. Олардың саны жарыссөзге қатысушылардың санына сәйкес келді.

Сонымен қатар, партия мүшелері бірінші рет үміткерлерге жеребе тартудың баламасын қолданды. Атап айтқанда, «Nur Otan» партиясының Көкшетау қалалық филиалының Zoom конференциясындағы пікірсайыстарға қатысушылар дебаттың орыны, күні мен уақытын  тізімде кездейсоқ қалай бөлінгенін тікелей байланыста онлайн  бақылай алды.

«Жеребе тарту процесіне келетін болсақ, барлығы қысқа мерзімде жасалды: орындарды бөлуге бес минуттай ғана уақыт кетті. Праймеризге қатысушылар барлығын онлайн көріп отырды», – деп түйіндеді жеребе тартуды ұйымдастырушылардың бірі Көкшетау  аумақтық филиалының консультанты  Ислам Байрамов.

Барлық жерде жеребе тарту  қабылданған нормаларға сәйкес, ашық және заң  бұзушылықсыз ұйымдастырылды.

.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img