spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
6.2 C
Kokshetau

Облыс әкімінің сапары: Қорғалжын мен Егіндікөл аудандарында жағдай жақсарып келеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Егіндікөл және Қорғалжын аудандарында болып, әлеуметтік нысандар мен жол құрылысы жұмыстарын тексерді. Диқандармен жүздескен өңір басшысы егістіктегі қызу жұмыстарды бақылап қайтты,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Аудандарға жұмыс сапармен ат басын бұрған облыс әкімі Егіндікөл ауылындағы спорттық нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты.  Аудан әкімі Ерлан Исабеков облыс басшысына ауданның биылғы елу жылдық мерейтойына орай атқарылған жұмыстарды таныстырды.

Ауылға кіре беріске орнатылған «Егіндікөл» жазуының айналасына теп-тегіс тас төселіп,  тұрғындардың жиі келетін сүйікті алаңына айналыпты.

Биыл жолдарға асфальт төсеуге аудандық бюджеттен 15 миллион теңге бөлінген.

Егіндікөл ауылында 1989 жылы салынған стадион әбден ескірген. Сол үшін биыл стадионды жөндеуге қаражат бөлініп, бүгінде құрылыс жұмыстары қызған. Облыс басшысы мердігер компанияға жұмысты сапалы атқаруды тапсырды. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң стадионда баскетбол, волейбол және футбол ойнауға арналған алаңдар, жүгіруге арналған жол салынбақ.

Ермек Маржықпаев жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, оларды спортқа тарту мәселесіне назар аударды.

Одан соң өңір басшысы аудандық ауруханада болып, дәрігерлермен сөйлесті. Коронавирусқа қарсы іс-шаралар жоспарын қарап, ақ халаттыларға күш-қуат тіледі.

Қазіргі таңда аурухана ғимараты жөндеуден өткізіліп жатыр. Бұл мақсатқа «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 263,5 миллион теңге қаражат бөлінген. Мердігер компания «Жігер-Көкше» ЖШС ғимараттың шатыры мен үш қабатын жөндеуді аяқтаған.

Бас дәрігер Асхат Ахметұлының айтуынша, палаталардың 80 пайызына ауа жеткізгіштер орнату жоспарлануда. Жалпы, пандемия кезеңінде мұндағы провизорлық стационарда 45 науқас емделген. Медициналық персонал қатаң санитарлық режимде жұмыс істеу үшін барлық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген.

Қуантарлығы, жақында аудан басшылығы жас медициналық мамандарға жаңадан жатақхана салып беріпті. Қазір онда 8 медицина қызметкері тұрып жатыр. Облыс әкімі жас мамандарды қоныстарымен құттықтап, ауылдық жерде медициналық қызмет сапасын арттыра берулеріне тілектестік білдірді.

– Биыл облыс бойынша мәдениет үйлерін қалпына келтіруге 3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның ішінде Егіндікөл аудандық мәдениет үйі де бар. Ауылда үйлер салынып, аурухана, мәдениет үйі, денешынықтыру-сауықтыру кешені, жолдар қалпына келтірілуде. Тұрғындарға жағдай жасаса, олар ауылдан ешқайда да кетпейді, – деді Ермек Маржықпаев.

Өңірдегі аурухана мен мәдениет үйіне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары осы айдың соңына қарай аяқталуы тиіс.

Егіндікөлге сапары барысында облыс әкімі агротехникалық колледждің «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жөндеуден өткен жаңа ғимаратында да болды. Колледж жаңа оқу жылын штаттық режимде бастаған. Бүгінде мұнда ауданның өзінен және Бұланды, Астрахан, Қорғалжын аудандарынан жастар фермер шаруашылығы және аспазшы мамандықтары бойынша білім алуда. Шеттен келіп оқитын оқушыларға жатақхана қарастырылған. Осы орайда, облыс әкімі қазіргі еңбек нарығында жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары екенін, фермер шаруашылығы мамандығына оқитын жастарды тәжірибе жинау үшін бүгіннен бастап халық шаруашылығына араластыру керектігін айтты.

Одан кейін Ермек Маржықпаев Тоғанас ауылындағы Жаңақоныс орта мектебін, «Ушаково-Агро» ЖШС-нің егістік алқабын аралап көрді. Білікті кәсіпкер Бақтияр Ысқақов басқаратын шаруашылық биыл 20 мың гектар алқапқа егін сепкен. Ауа райының қолайлы күндерін тиімді пайдаланған диқандар орақ науқанын қызу жүргізіп жатыр. Аудан бойынша егістік алқаптардың 30 пайыздан астамы орылған. Жазда құрғақшылық болғанымен, қыста жауған қалың қардан жер ылқалды болып, бұл егіннің бітік шығуына зор септігін тигізді дейді диқандар. Пандемияға қарамастан, мемлекеттің көмегімен көктемгі егін себу науқанын ұйымшылдықпен жүргізген шаруалар мол өнімнен үмітті.

Оған негіз де жоқ емес. Бүгінгі күні облыс бойынша 1 миллион 700 мың гектар алқаптан дән алынған. Бұл барлық егін алқабының 40 пайызын құрайды. Ауа райы қолайлы болса, егін орағы екі аптада бітеді деген болжам бар.

Биылғы жыл қорғалжындық диқандар үшін де ырысты болғалы тұр. Аудан бойынша 130 мың гектар алқапқа дән себілсе, соның 120 мыңына бидай егілген. Мұның ішінде 10400 гектар алқап «Кеңбидай-Астық» ЖШС-на тиесілі. Ауданда болғанында облыс әкімі серіктестіктің егістік алқабын, астық сақтау қоймасын көріп, құрылтайшысы Оразхан Қалиевпен егін орағын жүргізу барысы жайлы әңгімелесті.

Қорғалжын ауданының Майшұқыр негізгі мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары осы айдың басында бітуі тиіс болатын. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 237 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Ауданға сапары кезінде аталған білім ошағына арнайы ат басын бұрған Ермек Маржықпаев мердігер компанияға жөндеудің кешіктірілуіне және сапасына қатысты бірқатар ескерту жасап, жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін бір ай уақыт берді. 450 орынға лайықталған бұл мектепте 1-9 сынып аралығында небары 47 бала оқып жатыр.

 

Оқушы саны аз болғасын мектеп санитарлық талаптарды сақтай отырып, екі ауысымда штаттық режимде білім беруде.

Одан әрі жұмыс сапары Қорғалжын мектеп-гимназиясында жалғасты. Жуырда ғана бұл білім ошағы берудегі жетістіктері үшін Ақмола облысы әкімінің грантын жеңіп алған болатын.

Мектептің материалдық-техникалық жабдықталуына облыс әкімінің көңілі толды. Аудандық мәдениет үйінің қазіргі жағдайы да көңілге қуаныш ұялатады. Биыл мәдениет үйінің басшылығы мемлекеттен бөлінген 28 миллион теңгеге музыкалық аспаптар мен ұлттық костюмдер сатып алған. Ал, былтыр мәдениет ошағының ғимараты толығымен күрделі жөндеуден өткізіліпті.

 

Жалпы, аудан бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Келер жылы 12 жолды жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленген. Бес көшеге электр желілері тартылыпты. Былтыр ауданда жол салуға, әлеуметтік нысандарды жөндеуден өткізуге 100 миллион теңге қаражат бөлінсе, биыл бұл сома бес есеге ұлғайған.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img