spot_img
Жұма, Тамыз 28, 2026
16.2 C
Kokshetau

Бестоғай негізгі мектебіне су жаңа автобус берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

 Ерейментау ауданы Бестоғай негізгі мектебінің оқушылары енді жаңа автобуспен аудан орталығына қатынайтын болды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Сонымен қатар Қызылту, Байсары ауылдарында тұратын оқушылар да осы автобуспен қатынамақ. Міне, осылай, шағын ауылдардан аудан орталығына оқушыларды тасымалдау мәселесі оң шешімін тапты.

Аталған шағын ауылдарда барлығы 23 оқушы бар. Әкімдік тарапынан берілген автобусқа ауыл тұрғындары мен оқушылар шашу шашты.

Көптен бері ауылда автобус мәселесі шешілмей жүр еді. Ел де қуанып жатыр. Білім күні осы мектепке, елге бір сый тартылып отыр.Мерекеміз құтты болсын! Елдімекендерде осындай қуанышты күндер бола берсін!,-дейді Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжанов.

Ауыл тұрғындарын қуантқан автобусқа облыстық бюджеттен  13 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зерендіде Ақмола облысының волонтерлер лагері өтті

Зеренді ауданында «CHANGEMAKER CAMP: «Өзгеріс өзіңнен басталады» атты Ақмола облысы волонтерлерінің лагері өтті. «Парус» демалыс базасында облыстың қала-аудандарынан келген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика