spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
5.9 C
Kokshetau

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясындағы жағдайды баяндаудан бастады, 

«Парламенттің  кезекті сессиясы жұмысы күрделі кезеңде басталып отыр. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірді. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды», -деді Жолдауын бастаған Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент төтенше жағдай мен жеті айлық карантин кезінде тынбай жұмыс істеп келе жатқан дәрігерлерге, әскерилерге, құқық қорғау қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге және карантин кезінде ерекше үлестерін қосқан еріктілерге шын жүректен алғысын білдірді.

«Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен халықтың табысын сақтап қалу.  Дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі топтамасы қабылданды. 4,5 млн астам азамат 42 500 теңге көмек алды. Бұған 450 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Осындай жәрдем көршілес еелдерде,  ірі мемлекеттердің өзінде болған жоқ. Миллиондаған азаматқа азық-түлік таратылды. Nur Otan партиясы 550 мыңнан астам отбасыға бір реттік қаржылай көмек берді», – деді Тоқаев.

«Ең бастысы,  біз халықтан ештеме жасырмай, індеттен қаза тапқандар туралы ашық ақпарат бердік. Қаншалықты ащы боллса да, жағдайды ашық айтып отырдық. Күрес әлі жалғасуда», – деп атап өткен Президент коронавирус пандемиясымен күресу әлі бірнеше жылға жалғасатынын, сондықтан, босаңсымау керек екенін ескертіп өтті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img