spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
6.9 C
Kokshetau

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Білім күнімен құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының  әкімі Ермек Маржықпаев ақмолалық ұстаздар мен оқушылар ды «1-қыркүйек білім күні» мерекесімен құттықтады. 1-сыныпқа қадам басқан барша бүлдіршіндердің қадамына сәттілік тіледі,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Құрметті ақмолалықтар! Құрметті оқушылар!
Жаңа оқу жылы басталды. Бұл біреулеріңіз үшін алғашқы, келесі біреулеріңіз үшін кезекті оқу жылы. Сіздерге жауапкершілікпен білім алып, белсенді болуларыңызды тілеймін. Ешқашан армандаудан жалықпаңыздар және мақсатқа жетуді тоқтатпаңыздар.
Біздің және сіздердің болашақтарыңыз, сондай-ақ облысымыздың, жалпы алғанда, еліміздің болашақ гүлденуі мен дамуы, бүгінгі күннің мектеп оқушылары мен студенттердің қолында. Сондықтан, сіздер әр күнді ұтымды пайдаланып, білімдеріңізді барынша молайтуға тырысуларыңыз қажет. Онсыз алға жылжу мүмкін емес.
Қашықтықтан білім алу форматы біздің өмірімізге енді және бүгінгі таңда онлайн оқыту – адамдардың барынша жұмылуына ықпал ететін қазіргі заманғы әлемнің талабы. Өткен оқу жылының соңында оқушылар мен мұғалімдерге үйренбеген жұмыс режиміне бейімделулеріне тура келді. Биылғы жылы коронавирус инфекциясының таралуына және жаңа оқу жылын онлайн режимде бастау туралы БҒМ шешіміне байланысты мәселелердің төңірегінде біз әрбір сәби мен жасөспірімнің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға басты назар аудара отырып, оқу үрдісінің ұтымды қалпында сақталуыyына барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Бұл ретте, біздің тарапымыздан оптикалық-талшықты байланыс желісін салу жұмысы белсенді жүргізілуде. Атап айтқанда, 36 елді мекеннің ішінен кеңжолақты және жоғары жылдамдықты интернетке қол жетімділік 31 ауылда бар. Осы жуырда ғана, осы байланыс Шортанды ауданының Новоселевка, Жолымбет, Раевка, Новокубанка, Петровка, Андреевка және Пригородное ауылдарында пайда болды. 28 мемлекеттік мекеме мен әлеуметтік объектілер, оның ішінде 8 мектеп интернетке қосылды. Қазіргі уақытта, Қызылағаш, Сепе, Сочинское, Бестөбе және Изобильное кенттеріне желі жеткізілуде.
Біздің оқытушыларымызға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, тәжірибелеріңіз, оқытудың заманауи әдістерін қолдануларыңыз – өңірдің білім беру жүйесінің сәтті дамуының кепілі. Сіздердің еселі еңбектеріңіздің нәтижесінде Ақмоблысының білім сапасы жоғары бағаға ие болып келеді. Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Жаңа оқу жылында көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі, жұмыстарыңыз жемісті және қызықты болып, шығармашылық табыстарға жетіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img