spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
20.2 C
Kokshetau

Қазақстан экономикасын дамытудың 3 ықтимал сценарийі әзірленді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан экономикасын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған 3 ықтимал сценарийі әзірленді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды Aqmola News ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап

«Сыртқы және ішкі жағдайларды ескере отырып, Қазақстан экономикасын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған 3 ықтимал сценарийі әзірленді. Консервативті тәсілді ескере отырып, бюджеттік жоспарлау үшін базалық сценарийді пайдалану ұсынылады», – деді министр.

Оның айтуынша, базалық сценарийде жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2021 жылы 2,8 пайыз деңгейінде болжанып отыр. 2025 жылы ол 4,6 пайызға жетеді. Атаулы жалпы ішкі өнім 2021 жылы 76,7 трлн теңгені, ал 2025 жылы 104,8 трлн теңгені құрайды. 2021 жылы мұнай өндіру 86,0 млн тоннадан 2025 жылы 100,7 млн. тоннаға дейін өседі. Барлық базалық салаларда өсім күтілуде.

«Өңдеу өнеркәсібі жылына орта есеппен 6,7 пайызға өсіп, кен өндіру өнеркәсібіне қарағанда озық қарқынмен артады. Кен өндіру өнеркәсібінде өсім 2,9 пайыз деңгейінде болады. Орташа жылдық өсу қарқыны ауыл шаруашылығында – 6,2, саудада – 5,5 пайыз құрайды», – деді ол.

Руслан Дәленовтің атап өтуінше, тауар экспорты 2021 жылы 41,4 млрд долларды құрап, 2025 жылы 51,5 млрд долларға дейін ұлғаймақ. Импорт 2021 жылғы 36,3 млрд доллардан 2025 жылы 37,8 млрд долларға дейін өседі.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img