spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 17, 2026
20.2 C
Kokshetau

Көкшетауда «Адалдық» клубы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Көкшетау қаласының электрондық кітапханасында Адалдық клубы ашылды, деп хабарлайды Aqmola News ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде қолға алынған шараға Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова, сондай-ақ мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

«ҚР Конституциясының 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде департаменттің бастамасымен Көкшетау қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп Адалдық клубы құрылды. Ондағы басты мақсат қоғамның, әсіресе өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, патриотизм сияқты құндылықтарды қалыптастыру», – дейді Арман Бердалин.

Сондай-ақ, Департамент басшылығы аталған клубтың базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша өңірлік Ақпараттық-ағартушы штабтың түсіндіру кездесулері мен сөз сөйлеулерін өткізетінін атап өтті.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адамның цифрлық ізі: желіге әрбір кірген сайын не қалады

Көптеген адамдар күнін таңғы астан емес, смартфоннан бастайды. Келген хабарларды, пошта мен әлеуметтік желілерді тексеру, картадағы балансты қарау, сатып...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика