spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.5 C
Kokshetau

Бурабай ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бегахмет Сабыржанұлы Махметов Бурабай ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды «Aqmola News». Бұл туралы Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев мәлім етті. 

Бегахмет Сабыржанұлы, 1973 жылдың 6 мамырында Көкшетау облысы, Щучинск ауданының Көрнекті ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1995 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2003 жылы «Заңгер» мамындығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылдың тамызында Щучинск қаласы салық инспекциясының салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлім маманы болып бастаған. Одан әрі Щучинск ауданының салық комитетінде түрлі басқарушы лауазымдарда қызмет атқарған. 2006 жылдан бастап Жарқайың, 2010 жылы Аршалы, 2015 жылы Шортанды аудандарында салық басқармасының төрағасы болған.

2012 жылы Бурабай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.  2015 жылдың қазанынан  Көкшетау қаласы жұмыспен қамту орталығының директоры. 2016 жылдың мамырынан Бурабай ауданы Щучинск қаласының әкімі лауазымында қызмет атқарды. 2020 жылдың қаңтарынан Бурабай ауданы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  болды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img