spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
6.8 C
Kokshetau

Ақмола облысы мектептері қашықтан оқытуға әзірленуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Елімізде оқу жылы 1 қыркүйектен бастап қашықтан оқыту форматында басталмақ. Биыл Ақмола облысының 307 мектебіндегі 123 мыңға жуық оқушы осындай режимде оқытылатыны мәлім болды, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл туралы Ақмола облысы білім басқармасы мәлім етті.

Ведомствоның берген  мәліметтері бойынша шалғай ауылдық елдімекендердегі шағын комплектілі мектептерде эпидемиологиялық жағдай қалыпты болса дәстүрлі түрде оқыту жалғастырылады. Бастауыш сыныптардың оқушыларын ата-аналардың өтініштері бойынша  қатаң санитарлық шаралар сақтала отырып, кезекші сыныптарда оқыту жоспарланған. Бір сыныпта 15 баладан асырылмайды. Кезекші сыныптарға балаларды қабылдау сынып жетекшілері арқылы электронды түрде қабылданбақ.

 Ақмола облысында 307 мектепте 123 мыңға жуық оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады. Бұрынғы дәстүрлі режимде шағын комплектілі 248 ауылда 9 мыңнан астам бала оқытылатын болды. Ата-аналардың сұрауы бойынша мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер кезекші топтарға қабылданады. Кіші топтарда 5 баладан аспауы тиіс. Ата-аналар мен балалар үшін онлай-кеңестер ұйымдастырылады. Денсаулығында күрделі мәселелері бар балалар алдын ала жазылу бойынша жекелей түрде қабылдау жүзеге асырылмақ, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img