spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ақмолалық кәсіпкерлер медицинаға қолдау көрсетуде

Сондай-ақ...оқыңыз

 Аймақтың меценаттары мен кәсіпкерлері  медицинаға қолдау танытып жатыр. Ел басына күн туғанда ел азаматтары бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруда,-деп хабарлайды «Aqmola News» 

Аудандық аурухана жанынан 50 орындық провизорлық орталық ашылды. Оған қажетті медициналық құрал-жабдық алу үшін жергілікті кәсіпкерлер өз қалауымен қаржы жинай бастаған.

«Пандемиямен күрес кезінде тұрғындарға қол ұшын созу үшін жекеменшік балабақша басшылары «Жақыныңа өмір сыйла!» атты акцияны бастады. Әлеуметтік желіде кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлерді аталмыш акцияға үн қосуға шақырдық. Нәтижесінде жақсылық жасауға асыққан кәсіпкерлер медицина мамандарына көмектесуге дайын болды. Бүгінде аталмыш стационарға құрал-жабдық алу үшін 14 миллион теңгеден астам қаржы жиналды. Бұл жиналған қаржы инфекциямен күреске өз үлесін қосады деп сенеміз», – дейді Целиноград аудандық ауруханасының бас дәрігері Мұхтар Досқожин.

Ал, Көкшетаудағы «Авиценна» емдеу-профилактикалық мекемесі денсаулық сақтау басқармасына өкпені жасанды желдететін германиялық аппаратын сыйға тартты. «SOROS» қазақстандық қайырымдылық қоры да өз тарапынан өңір медицинасына қолдау жасауда.

«Маусым айында «Сорос» қорының қаржылық қолдауымен Ақмола облысының медициналық ұйымдарына 6000 респиратор және 400 қорғаныс көзілдірігін жеткіздік. Біз пандемия кезінде медицина мамандары қауіпсіз еңбекке лайық деп санаймыз», – дейді «MED INVEST FIRST» серіктестігінің бас директоры Әли Нұрғожаев.

Бұдан басқа қаламыздағы меценаттар да медицина мамандарына қол ұшын созуда. Орталық базар басшысы 700-ге жуық қорғаныс костюмын сыйласа, «Жеке батыр» базарының директоры індетпен күресіп жатқан медицина мамандарына азық-түлік жеткізген.

«Макинск» құс фабрикасы 50 мыңнан астам ПТР-тест жүйесін сатып алды, оның 15 мыңнан астамын облысқа бөлді.

Сондай-ақ, өз қаржысына талдау бөлімшесін орнатып, Макинск аудандық ауруханасына да қондырғылар жеткізіп берді. Сонымен қатар, шетелден де гуманитарлық көмек келіп жетуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img