spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
11.6 C
Kokshetau

Зеренді: Игілік ауылында мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үйлер орталықтандырылған су құбырына қосылмақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданының Қанай би ауылдық округына қарасты  Игілік ауылында ауыз су мәселесі көптен  бері шешімін таппай келе жатқан.  Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының арқасында ауыл тұрғындары орталықтандырылған ауыз сумен қамтылатын болды, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ 

Қазіргі уақытта Игілік ауылында су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бірнеше жылдар бойы  ауыз судан қиындықтарды тартып келген  Игілік ауылына биыл орталықтандырылған суды жеткізуді жоспарлап отырмыз.  «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жеке тұрғын үйлер  де орталықтандырылған су құбырына  қосылады. Су құбырларын жөндеу жұмыстарын  аяқтағаннан кейін   үйлерді орталықтандырылған ауыз суға тартуды бастаймыз, – дейді аудан әкімі Бауыржан Ғайса.

Зеренді ауданы әкімдігінің мәліметінше  су құбырларын жөндеу жұмыстары апта соңына дейін аяқталады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img