spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
12.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында жыл басынан бері 89 миллиард теңге салық түскен

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында мемлекеттік бюджет қоржынына 89 миллиард теңгеден астам салық түсімдері түсті. Бұл туралы Ақмола облысының мемлекеттік кірістер департаментінің жарты жылдық қызметінің қорытындысы барысында мәлім болды, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл қаржы өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 10,5 миллиард теңгеге артық болған.

Департамент салықтық және кедендік әкімшілендіру шеңберінде қосымша резервтердің анықтау бойынша бюджетке 5 миллиард теңгеден астам қаржы түскен.  Мәселен камеральдық бақылау бөлімімен 1 миллиард 635 миллион теңге, «Виртуалды қойма» модулі және электронды шот-фактуралар мәліметтерін қолдана отырып әкімшілендіру бойынша – 1 миллиард 321 миллион теңге, ҚҚС әкімшілік қайтарымы мен ҚҚС-ты асыру – 327 миллион теңге, салық тексерістері – 558 миллион теңге, салық қарыздарын өндіруден – 712 миллион теңге жиналған.

Сондай-ақ, департаменттің  кедендік бекеттердегі түрлі рәсімдер бойынша тауарларға бес мыңнан астам декларациялар  жасалған. Олардың ішінде экспорт режимінде 2293 декларация болса, импорт бойынша 2146 декларация жүргізілген. Жалпы жасыл дәліз арқылы 80 пайыз, сары  дәлізбен 14 пайыз және көк дәлізбен 3 пайыз  декларациялар рәсімделген.

Кедендік статистиканың мәліметтері бойынша өңірдің  сыртқы сауда айналымы  87 миллион АҚШ долларына ұлғайып,  614 миллион долларды құрады. Оның ішінде импорттың үлесі 282 миллион АҚШ долларына, экспорт 332 миллион долларға жетіп отыр.

Департамент мемлекеттік қызмет көрсету баса назар аударған. Жыл басынан бері  400 мыңнан астам мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілген, оның ішінде 98 пайызы электронды түрле жасалғанын атап өткен жөн.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img