spot_img
Сейсенбі, Қазан 6, 2026
2.1 C
Kokshetau

3 тамыз күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

3 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады. Тек еліміздің батысында ғана найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, деп хабарлайды   «Aqmola News» тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, шаңды дауыл тұрады. Бұршақ жаууы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерде желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Алматы облысында күн күркіреп, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзаған жарқылдап, шаңды дауыл тұрады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел қарқыны – 15-20 м/с. Шаңды дауыл соғады.

Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Павлодар және Қарағанды облысында қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында, Түркістан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ІІМ «Балаларға назар аударыңыз!» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты заңнама...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика