spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
20.2 C
Kokshetau

Бурабайда көл ортасында қалған 12 жастағы баланы құтқарушылар құтқарып қалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабайдың Щучье көлінің ортасына үрлемелі матраспен көлдің ортасына кетіп қалған 12 жастағы бала аман-есен құтқарылды, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Суға кете жаздаған баланы сол маңдағы өзен-көлдерді аралап жүрген құтқарушылар құтқарып қалды.
Велосипед тепкен балалар таудан өзенге қарай төмен түсіп жабайы жағажайға барып шомылған. Құтқарушылар жағажайда балалардың велосипедтері мен киім-кешектерін жатқанын байқайды. Алайда, көлде балалар көзге шалынбаған. Бірден Щучинск қаласының барлық құтқарушыларына дабыл берілген.

Бірнеше минут ішінде көл жиегіндегі тастардың арасында көмекке адам іздеп жүрген бір бала табылды. Ал екінші бала үрлемелі матраспен көлдің ортасына асып кеткен болып шықты. Құтқарушылар дереу жетіп баланы құтқарып алды. Өкінішке орай үрлемелі матрастар құтқарушылар үшін аса үлкен мәселе болып тұр. Әрбір жазғы маусымда осындай үрлемелі матрастар мен қайықтармен алысқа ұзап кететін оқиғалар жиі болады. Әсіресе, қатты жел тұрғанда адамдар көлдің ортасында еш қорғанышсыз қалады. Көп жағдайда адамдар қауіпсіздік ережелерін елемей құтқару жилетінсіз түсіп, өзіне ештеңе болмайтындай көреді. Үрлемелі матрас жүзу құралы болып табылмайтынын еске салғым келеді. 2017 жылы дәл соның салдарынан Кіші Шабақты көлінде екі қыз көлдің ортасында батып кеткен еді, – деді Ақмола облысы төқтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img