spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
6.2 C
Kokshetau

Меруерт Қазбекова: Тұрғындардың талап-тілектері назарға алынады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облыстық филиалының атынан ҚР Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекованың қолдауымен көп балалы және тұрмыс жағдайы төмен мұқтаж жандарға азық-түлік түрінде әлеуметтік көмек жасалды,-деп хабарлайды  «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Партия мүшелері  40 отбасыға азық-түлік жиынтығын үйлеріне дейін жеткізіп берді.  Жиынтық пакетінде жеке гигиена заттары да бар.

  • Қазір көпшілік қиналып отыр. Бұл заттар бізге ауадай қажет. Жолдасымның жұмысы уақытша тоқтағандықтан біз де қиналып қалғанымыз рас. Партия мүшелеріне, осы істі ұйымдастырып, демеушілік жасаған депутат Меруерт Қазбековаға көп рахмет айтамын. Қиын кезеңде қол ұшын созып жатқан қайырымды жандарға мың алғыс!-дейді Айжан есімді көпбалалы ана.

Арнайы көлікпен үйді-үйді аралап отбасылардың  жағдайын білген депутатқа тұрғындар өз мәселелерін айтты.

«Ақжол»   партиясының   облыстардағы филиалдары төтенше жағдай уақытында да   көптеген   отбасыларға   көмек   көрсетті.   Енді   карантин   кезінде де   қол ұшын   созуды   жалғастырып   келеді.   Жетекші   партия   ретінде де   халықтың   әлеуметтік   мәселелеріне  үнемі  назар  аударады.  Бүгінгі  айтылған  талап  тілектер  де  алдағы уақытта қарастырылады  ,-деді   Меруерт   Қазбекова.

Қазіргі күрделі кезеңде «Ақ жол» партиясы халықпен бірге.

Парламент мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова сонымен қатар волонтерлермен бірге коронавирус инфекциясына байланысты дәріханалардағы дәрі бағасына назар аударып, мониторинг жүргізді.

Қаладағы бірқатар дәріханалардың бағалардың әртүрлілігі мен бағаны жасырып, тексеріс кезінде сұрақтарға тиісті жауап бермегені үшін дәрі сатушыларына ескерту жасалды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img