spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 15, 2026
3.2 C
Kokshetau

Көкшетаудан Мақтаарал ауданына өкпені жасанды желдету аппараттары жеткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау зауытынан алғашқы өкпені жасанды желдеткіш 10 аппарат Түркістан облысының  Мақтаарал ауданына жеткізілді, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Медициналық аппараттар Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясының мамандарымен әзірленген.

“Отандық өнім Көкшетаудан Мақтаарал ауданына жеткізілді. Қажетті Мақтааралдағы «Мырзакент аудандық ауруханасы мен «Атакент» ауруханасына табыс етілді, – деді Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қазір Түркістан облысы бойынша 2417 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 

Осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға коронавирус және пневмониямен ауыратындарға 4 мыңнан астам өкпені жасанды желдеткіш аппараттарды сатып алу қажеттігін атаған. Қазіргі уақытта еліміздің стационарларында 1553 жансақтау орындары мен 966 өкпені жасанды желдету аппараттары бар.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көрінбейтін майданның қаһармандары: Ақмола облысында ТКШ қызметкерлері күні аталып өтуде

16 сәуір – күнделікті өмірімізді жайлы әрі тұрақты ететін, бірақ еңбегі көбіне көзге көріне бермейтін жандарды еске алатын ерекше...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика