spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ақмолада COVID-19 баспасөз орталығы жұмысын бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында шілденің 14-нен бастап COVID-19 баспасөз орталығы жұмыс істей бастады, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Баспасөз орталығы өңірдегі коронавирус инфекциясын емдеу және таралуына жол бермеу  бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырмақ.  Негізгі міндеті халықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара тиімді байланыста әрекет ету болып отыр.

Баспасөз орталығында  109 нөмірлі Call-орталық ашылған. Онда кез-келген тұрғын коронавирус инфекциясы бойынша онлайн түрде амбулаториялық емделу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ауруханаға жатқызу, жедел жәрдем шақыру, психологиялық кмек және басқа да сауалдарымен қоңырау шала алады. Орталық күн сайын таңғы 9.00-ден кешкі 21.00-ге дейін тұрақты жұмыс істемек.

Сонымен қатар,  ауру белгілері жоқ тасымалдаушылардың және COVID-19  вирусының жеңіл түрімен ауырған науқастардың көбеюіне байланысты емханалар мен жедел жәрдем қызметінің жүктемесі ауырлаған.  Осыны ескере келе әрбір медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдауға арналған коронавирус инфекциясы бойынша онлайн-кеңес беру қолға алынды.

Кеңес беретін телефон нөмірлері Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының ресми парақтарында орналастырылған.

Баспасөз орталығына 50-70-61 телефоны арқылы хабарласуға болады. Сондай-ақ, Covid Aqmola және Instagram – covid19_aqmola әлеуметтік желідегі парақшалары жұмыс істеуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img