spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
25.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында күніне 1000 ПТР зерттеу жұмыстары жүргізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыста эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында ПТР тестілеуден өткізуге баса назар аударылды. Зертханалар тәулік бойы жұмыс режиміне көшіп, облыс тұрғындарын ПТР тестілеуден өткізуде, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті.

Облыста қазіргі таңда ПТР тестілеуден өткізуге арналған 3 зертхана (Ұлттық сараптама орталығы, «Олимп» және фтизиопульмонология орталығы) қызмет атқаруда.

Ақмола облысының ұлттық сараптама орталығында орналасқан негізгі зертханада күніне 800-1000   зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Маусым айының соңында тәуліктік жүктеменің аса жоғары болуына байланысты аталған сараптама орталығында екі бірдей ПТР тестілеуге арналған аппарат істкен шықты.   Дереу  27 маусымда Елордадан жаңа аппарат жеткізіліп, тестілеуден өткізу жұмыстары одан әрі жалғасты. Қазір күніне орташа 1000 зерттеуге дейін жүргізілуде. Мұнымен қоса «Дивера» медициналық орталығында тегін экспресс-тестілеуге арналған биологиялық материалды жинаудың мобильдік пункті жұмыс істейді. , – деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.

Жалпы осы жылдың 17 сәуірінен бастап облыста  ПТР тестілеу әдісімен 70321 және экспресс әдіспен 3537 зерттеу жүргізілген.

Қазіргі уақыта 23650 ПТР зерттеу жүргізуге арналған 430, тест пен 6500 экспресс-тестілер  бар. Қосымша денсаулық сақтау министрлігінен қажетті материалдар күтілуде,  – деді облыс әкімі.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img