spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
25.2 C
Kokshetau

Ақмола облысына қосымша 71 өкпені жасанды желдету аппараттары қажет

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында өкпені жасанды желдету аппаратын алу үшін жалпы сомасы 342 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Сонымен қатар жергілікті кәсіпорындар тарапынан да демеушілік көмек көрсетілуде, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл туралы Ақмола облысының әкімі өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім етті.

Қазіргі уақытта облыста 834 миллион теңге сомасына 1,2 миллион дана жеке қорғаныс құралдары  сатып алынған. Сонымен қатар провизорлық және жұқпалы аурулар стационарларына  17 дана өкпені жасанды желдету аппараттары қойылыпты.

Қазіргі уақытта қауіпті індеттен ауыр науқастарды емдеуде жасанды өкпе аппараттарымен қамтамасыз ету мәселесі аса өткір болып тұр. Облыстың медициналық мекемелерінде 247 аппарат бар. Оның ішінде 135-і портативті болса, 112 стационарлық науқастарды емдеуге арналған. Алайда, эпидемиологиялық жағдайдың ушығып, науқастар санының күн санап артуына байланысты емдеу мекемелерін толықтай қамтауға бұл жеткіліксіз болып отыр, – деді Ермек Маржықпаев.

Облыс әкімінің айтуынша, аталған мәселеде «Тыныс » акционерлік қоғамы зор көмегін жасады.  Кәсіпорын облыстық туберкулез диспансері базасындағы жұқпалы аурулар стационарына демеушілік көмек ретінде 17 дана өкпені жасанды желдету аппаратын ұсынды.

Қазіргі уақытта қосымша тағы 71 өкпені жасанды желдету аппараттардың қажеттілігі туындап отыр. Бұл бағытта одан әрі де жұмыстар жалғастырылатын болады, – деді облыс әкімі.

Жалпы облыста коронавирус инфекциясымен күреске бюджет қоржынынан қосымша 1,7 миллиард теңге қаражат бөлінген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img