spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.5 C
Kokshetau

7 шілде күніне ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер 7 шілде күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды  «Aqmola News» «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың әсерінен елде тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Шығыста дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай мен дауыл болады. Күндіз жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар облысының кей жерлерінде күн күркірейді, жел жылдамдығы – 15-20 м/с. Бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерлерде тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, жел екпіні 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз кей жерлерде желдің күші – 15-20 м/с. Шаңды дауыл соғады.

Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде жел екпіні – 15-20 м/с. Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреп, тұман түседі.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, Қызылорда облысының оңтүстігінде күндіз қатты ыстық күтіледі. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img