spot_img
Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
15.2 C
Kokshetau

Зеренді ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға өткізілген жалпы конкурстың нәтижесі бойынша, Зеренді ауданының әкімі Бауыржан Ғайсаның 2020 жылғы 1 шілдедегі өкімімен Ермек Шайдоллаұлы Тушанов аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Жаңа орынбасар ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласына жетекшілік етпек, – деп хабарлайды «Aqmola News» Зеренді ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ермек Шайдоллаұлы Тушанов 1982 жыл туылған, екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 2005 жылы СҚО Айыртау ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған. 2006 жылы СҚО, Айртау ауданы Антоновка ауылдық округі әкімі болып тағайындалған. 2008-2010 жылдар аралығында Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болып істеген. 2010-2013 жылдарда Зеренді ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарған. 2013-2014 жылдары Ақмола облысы Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы болып істеген. 2014-2019 жылдар аралығында Көкшетау қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарған. 2019 жылдың қазан айынан бүгінгі күнге дейін Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары болып істеген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img