spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
6.2 C
Kokshetau

Қорғалжын ауданында болашақ кәсіпкерлер онлайн оқу курстарынан өтуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Қорғалжын ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындары құрылуда. 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін оқытатын тренингтер өткізіп, азаматтарға бизнес бастап кету үшін азаматтарға қайтарымсыз несие беру көзделген,-деп хабарлайды «Aqmola News».

 Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Қазіргі уақытта Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 5 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар үшін 464 миллион теңге бөлінген.

Аудан орталығында мемлекеттік бағдарламамен жол құрылысы қызу жүргізілуде. Бұл мақсатқа 50 миллион теңге бөлініп, Тәуелсіздік және Әлия Молдағұлова көшелеріне асфальт төселуде.

Сонымен қатар Майшұқыр, Қараегін, Қорғалжын ауылдарында мектептерді ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.

Ауданнның әлеуметтік дамуы үшін күш салып жүрген мамандардың айтуынша, өңірдегі  дағдарысқа қарсы шаралардың қай қайсысы болмасын,  әрбір бөлінген қаражаттардың арқасында жаңа жұмыс орындары құрылып, аудан халқының жағдайы жақсарары сөзсіз.

Қазіргі таңда бұл 5 жоба үшін мердігерлермен келісім шарттар жасалды. Осы жобалар аясында 117 адам жұмысқа тұратын болады. 60 жұмысшы жұмыспен қамту орталығының бағыттаған жұмысшылары,-дейді Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Бекзат Омаров.

Сонымен қатар «Балауса» балабақшасы да мемлекттік бағдарламамен жөнделіп жатқан оқу орындарының бірі.  Бұл мақсатқа 20 миллион теңге бағытталған.

Балабақша 1992 жылы салынып, пайдалануға берілген. Мұнда барлығы 44 адам жұмыс істейді. 140 орындық балабақшада жөндеу жұмыстары басталды,-дейді «Балауса» балабақшасының меңгерушісі Заря Баймұқанова. ⠀

2020 жылы Қорғалжын ауданының 17 тұрғыны өз биснестерін бастау үшін 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік грант алмақ.

Қазіргі таңда онлайн-курс оқыту басталды. Гранттарды үлестіруде атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы отбасыларға басымдық беріледі.

Солардың бірі 8 баланың анасы Салтанат Оралбекова. Бағдарлама аясында өз ісін ашқан кәсіпкер алдымен оқу курсынан өтіп алды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img