spot_img
Дүйсенбі, Қазан 12, 2026
8.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының үздік мектебі анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында жыл сайын өтетін үздік жалпы орта білім беру мекемесі байқауы мәресіне жетті. Облыстың әр түкпіріндегі сайдың тасындай іріктелген он жеті орта мектептің ішіндегі мықтысы Қорғалжын ауданындағы Қорғалжын орта мектеп-гимназиясы атанды, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Байқау білім беру ұйымдарындағы педагогтардың кәсіби тәжірибесі мен біліктілігін ынталандыруға, еліміздің орындарындағы білім беру орындарындағы даму үдерісін жетілдіруге бағытталыпты.

Жалпы байқаудың облыстық кезеңіне 17 өтінім түсті. Қатысушыларды іріктеу конкурстық комиссиямен 11 критерий бойынша өткізілді. Бұл өз кезегінде білім саласына ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуге, оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз етуге, білім беру процесінде кадрларды жетілдіруге жол ашуы тиіс, – деді Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов.

Конкурс қорытындысы бойынша 34 миллион теңге көлеміндегі ақшалай бас жүлде Қорғалжын орта мектеп-гимназиясына бұйырды. Сандықтау ауданының №1 Балкашин орта мектебі 1 дәрежелі дипломмен марапатталса, екінші орын Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейі мен Көкшетау қаласының №17 орта мектебі еншіледі. Қола жүлде Степногорск қаласының Лев Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясы табан тіреді.

Конкурстық негізде «Үздік орта білім беру ұйымы» грантын иеленген білім беру орындары қаражатты мектептің материалдық-техникалық жабдықтары мен оқу процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге жұмсамақ.

Конкурс қорытындысында көш басынан көрініп, жүлделі орындарға ие болған білім ордаларын «Aqmola News» ақпарат агенттігі ұжымы құттықтайды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика