spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
7.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында 161 мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 161 мектептің жөндеу жұмыстарына «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында 10 млрд теңге қаражат бөлінді. Жаз басталғалы білім ошақтары күрделі жөндеуден өткізіліп, жұмыс қызды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

 Целиноград, Аршалы, Шортанды аудандарында мектеп жетіспеушілігін азайту мақстында ескі мектептерді қалыпқа келтіру қолға алынды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында 8,8 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржыға өңірдегі 102 білім беру мекемесіне жөндеу жүргізіледі.

–Биыл облыс аумағында 161 жоба бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет тарапынан білім саласына айрықша зор қамқорлық жасалып отыр,–дейді облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов.   

Өткен жылдармен салыстырғанда білім ошақтарын жөндеу көлемі екі есе көбейген. Мәселен, өткен жылы өңірдегі 12 білім ошағына күрделі жөндеу жасалса, биыл 32 нысан түбегейлі жаңғыртылады. Өзге 129 нысанда ғимараттың әрлеу жұмыстары, жылу қазандықтарын орнату, шатыр алмастыру тәрізді ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылуда.

–2020 жылы Атбасар ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 498 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға 2 күрделі және 6 ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалады,–дейді Атбасар аудандық білім бөлімінің жетекшісі Наталья Наймушина.

Ақмола облысында 556 мектеп бар. Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі аудандарда орын  жетіспесе, шалғайдағы шағын ауылдардағы типтік жобамен салынған ғимараттарда оқитын бала саны аз. Ол жерлерде мектепті ұстап тұруға қыруар қаржы жұмсалуда. Осы бір мәселе жан-жақты шешім қабылдауды қажет етеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img