spot_img
Сейсенбі, Мамыр 21, 2024
11.7 C
Kokshetau

Түсіндірме: Қатаң санитарлық талаптармен қандай объектілердің жұмысына рұқсат етіледі?

Сондай-ақ...оқыңыз

Жаңа қаулыға сәйкес Көкшетау мен Степнорск қалалары мен облыстың басқа да аймақтарындағы объектілердің жұмыс істеу режимдері белгілі болды. Аталған екі қалада қатаң санитарлық талаптарды орындай отырып жұмыс істейтін кейбір нысандардың жұмысы 20.00-ге дейін дейін шектелді, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Ақмола облысы аумағында CОVІD-19 ауруларының алдын алу бойынша карантиндік шаралар күшейтілді. Көкшетауға кіріп-шығу шектеліп, сыртқы қозғалыс тек тауар тасушылар мен дәрі-дәрмек жеткізушілерге ғана рұқсат етілмек.
Азық –түлік, тұрмыстық химия және гигиена өнімдерін сататын дүкендер таңғы 8-ден бастап кешкі 21.00-ге дейін жұмыс істейді.
Өнеркәсіп дүкендері (барлық түрлері) 10-нан кешкі 19.00-дейін, ал, азық-түлік және өнеркісіп базарлары таңғы 10-нан кешкі 17.00-дейін ашық болады.
Сонымен қатар жаңа қаулыға сәйкес, Көкшетау мен Степногорск қалаларындағы шаштараздар, моншалар, кір жуу орындары, техникалық байқау, қонақжайлар, аяқкиім мен кілт жөндеу, фотосалон, гүл сататын дүңгіршектер, нотариалды қызмет көрсету орталықтары, жарнама агенттіктері, оптика, ломбардтар, айырбастау пункттері сияқты қызмет көрсету орындары 10-нан кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Шаштараз, монша, сұлулық слондары, спорт және жаттығу залы, бассейндер, нотариустер алдын-ала жазылу бойынша қызмет көрсетеді.
Екінші деңгейдегі банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, (онлайн-режимде қызмет көрсетумен) халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жазылу бойынша жұмыс істемек.
Қосымша білім беру орталықтарындағы топтарда, үйірмелерде, секцияларда 10 адамнан аспайтын тәртіппен (алдын ала жазылу бойынша) жұмыс істейді.
Жалпы сыйымдылығы 30% – нан аспайтын, санитариялық нормаларды сақтаған діни ғибадат объектілері де ашық болады.
Көкшетау Степногорск қалаларынан басқа облыс аймақтарында жазғы алаңдары бар қоғамдық тамақтану 22.00-ге дейін істейді.
Бұл дегеніміз салтанатты отбасылық мерекелерді өткізуге рұқсат деген сөз емес. Ашық алаңдағы орындықтар саны 50-ден аспауға тиіс және үстелдер арасындағы арақашықтық 2 метр болуы қажет.
Ал Көкшетау мен Степногорск қалаларындағы ашық алаңдары бар қоғамдық тамақтану 30 орындықтан аспайтын орындықпен 22.00-ге дейінгі жұмыс тәртібімен онлайн тапсырыстарды қабылдау және тамақты жеткізу арқылы ғана жұмыс істейді.
Сонымен қатар Көкшетау, Степногорск қалаларындағы автобекеттер мен автобус бағыттары тоқтатылады.
Қаладағы қоғамдық көліктер ішіндегі орындарға сәйкес жолаушы алу тәртібімен жүреді. Ал, такси қызметі көлік ішінде екі адамнан артық тасымалдай алмайды.
Сонымен қатар курортты-санаториялық нысандарға шектеулер 80 пайызға дейін ұлғайтылады.
Демек, Бурабай Зеренді курорттық аймақтары демалушыларға ашық болады. Тек демалыс күндері ғана курорттық нысандардың жұмысы тоқтатылады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық оқушы республикалық олимпиада жүлдегері атанды

Алматы қаласының «Tamos Education Physics and Mathematics School» мектебінде Central Asia Biology Olympaid 2024 биология пәнінен олимпиада өтті. Көкшетаудағы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img