spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Кәсіпкерлік нысандар: Санитарлық талаптарды орындамағандардың «тағдыры» сотта шешілмек

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда СЭС мамандары мен атқарушы орган өкілдерінен құралған мобильді топ жүргізген рейд  нәтижесінде бірқатар кәсіпкерлік нысандары санитарлық талаптарды орындамағаны үшін жазаланатын болды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл туралы  Ақмола облысы тауарлар  және көрсетілетін  қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлім етті. Сала мамандарының мәліметінше, тексеріс нәтижесінде облыс бойынша мониторинг жасаушы топтың ықпалымен 17 әкімшілік хаттама толтырылған. Ереже бұзып, талапты орындамағандарға қатысты 10 материал Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Мәселен, тауық қақтау орны «Пинта» нүктесінде дезинфекциялау құралдары болмаған, маска, қолғап сияқты қорғаныш құралдарына мән берілмей, қызметкерлердің дене қызуы өлшеніп, жуналға жазылмаған.

Сонымен қатар «Caffin», «Bedduin» кофеханалары, «Шафран» кафесі, Ата-Жұрт мейрамханасында әлеуметтік ара-қашықтық сақталмаған. Маска киюдің қалыпты алгоритмі бұзылған.

Халық көп баратын «Қамқор» базары, «Алтын Плаза «Шейх» сауда үйлері мен «Ақжелкен», «1001» қонақ үй кешенінде де жағдай талапқа сай емес.

«Табыс» дүкенін тексеруге барған санитарлар маскалық режимнің бұзылып, қорғаныш құралдырының жеткіліксіздігі мен кіре берістегі төсемелердің кір екендігіне көздері жеткен.

«Сейнур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі жолаушылар тасымалы көлігінде әлеуметтік ара-қашықтық сақталмай, мұнда да маска киюдің алгоритмі бұзылған.

Сонымен қатар Бұланды, Атбасар, Сандықтау, Бурабай аудандарындағы кәсіпкерлік нысандардан санитарлық талаптарды орындамау фактісі тіркелген.

Айта кетерлігі, барлық санитарлық талаптарды орындамаған нысандарға қанша көлемде айыппұл салынатындағы сот шешімінен соң белгілі болады деді ведомстводан.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img