spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Жаңа қаулы: Демалыс күндерін ақмолалықтар қалай өткізеді?

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының бас дәрігерінің алдағы демалыс күндеріне арналған қаулысы шықты. Құжатта 19 мен 21 маусым күндеріндегі шектеу шаралары көресілген,-деп хабарлайды «Aqmols News».

 Қаулыға сәйкес, жеке автотранспорт қозғалысы 21.00 –ден 7.00-ге дейін. Қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады. Дегенмен жеке такси қозғалысы полиция департаменінің келісімімен іске асуы тиіс. Көлік ішінде екі адамнан артық тасымалдауға болмайды.

Сонымен қатар аумағы 2 000 шаршы метр болатын азық-түлік емес тауар сататын дүкендер жұмысы тоқтатылды, және азық түлік сататын дүкендер мен базарлар, бассейндер, құрылыс заттарын сататын дүкендер, фотосалондар, гүл дүкендері барлығы жабық тұрады.

Қоғамдық тамақтану орындарынан тек жазғы орындар ғана жұмыс істейді.

Тек қана ашық аспан астындағы жазғы орындар ғана 22 сағат жұмыс істейді. Оның өзінде ондағы орындар 30-дан аспауы тиіс. Үстелдердің ара қашықтығы 2 метр болуы тиіс. Келушілердің арасында әлеуметтік арақашықтық қатаң саталуы керек,-делінген құжатта.

Кафелер мен мейрамханаларда адамдар шоғырын қалыптастыратын мерекелік және еске алу шараларын өткізуге тиым  салынады.

Бурабай мен Зеренді курорттық аймақтарына да шығуға болмайды, бұл жерлерге уақытша блок бекеттер қойылады.

Натариус қызметі, мүлікті мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүліктерге қатысты операциялардың барлығы алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі. Жарнамалық агенттіктердің жұмысы, қорғаушы кеңселері де осылай жұмыс істейді.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанда бүгін 474 КВИ жұқтырған науқас тіркелді, Ақмола облысы бойынша симптомды ауру тасушылар – 20. Өңірде өсу деңгейі  8,3%-ды құрады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img