spot_img
Бейсенбі, Маусым 18, 2026
26.3 C
Kokshetau

Көкшетауда қоғамдық көліктер уақытша жұмысын тоқтатады

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс орталығында эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты және вирус жұқтырған адамдар көбейгендіктен, сондай-ақ «Көкшетау автобус паркі» кәсіпорнында жақын қатынаста болған адамдардың анықталуына байланысты қоғамдық көліктерді уақытша тоқтатуға шешім қабылданды, – дейді «Aqmola News».

Бұл туралы Көкшетау қаласының әкімі   Амангелді Смайылов мәлім етті.

Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары! Осы жылдың 18 маусымынан бастап аталған кәсіпорынның қоғамдық көліктерінің қозғалысын өмендегі бағыттар бойынша уақытша тоқтатуға шешім қабылданды.    Тұрақты қоғамдық көліктер №1, 5, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 15А, 16, 18, 25, саяжайларға баратын №36  автобустары уақытша шектеледі.  Негізгі бағыттарды ауыстыру үшін №9 бағыт бойынша  -2 шығу, №12 – 4 шығу, №13 – 1 шығу ға «СейНур» фирмасы» ЖШС кәсіпорнының автобустарымен жүзеге асырылады. №18 бағытта «Қалышев» ЖК кәсіпорны 1 шығу, №36 бағыта «Тұлпар» кәсіпорны 1 автобус шығуын ұйымдастырады. Қалған 8 бағытта одан әрі шаралар қабылданып, қосымша хабарлайтын боламыз. Жолаушылардан аталған шараларға түсіністікпен қарап, автобусқа кірген-шыққанда маскалық режимді сақтауды, сондай-ақ тиісті ережелер мен профилактикалық шараларды қатаң сақтауды өтінеміз, – деді  қала әкімі Амангелді Смайылов.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында жазғы лагерьде демалып жатқан 100-ден астам баламен «Қауіпсіз демалыс» профилактикалық акциясы болып өтті

"Звездный" балалар сауықтыру лагерінде демалып жатқан балалармен полицейлердің кездесуі жарқын, көңілді, ең бастысы - пайдалы өтті. Бурабай лагері жыл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика