spot_img
Дүйсенбі, Қазан 12, 2026
8.8 C
Kokshetau

Көкшетауда бос орындар жәрмеңкесінде жастарға 400 жұмыс орны ұсынылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды,  – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мәлім етті.

Шара барысында 35 жұмыс беруші қатысып, 150-ден астам жұмысқа мұқтаж жастар бақтарын сынаған.

Жалпы жәрмеңке барысында 400 жұмыс орны ұсынылды. Жастардың көпшілігі жұмыс берушілерге әңгімелесуге шақыртылып, түйіндемелерін одан әрі қарастыру үшін алып кетті. Көкшетау қаласының жұмыспен қамту орталығына 23 жас қыз-жігіттер жастар іс-тәжірибесіне қабылданды. Жұмыс іздеген тағы үш азамат қысқа мерзімді кәсіби оқытуға жіберілді. Сондай-ақ жиырма адамға «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасымен кеңес берілді, – деді басқарма басшысы Дина Ахметжанова.

Сондай-ақ, бос орындар жәрмеңкесінде жұмыспен қамту орталығының мамандары жастарды нәтижелі жұмыспен қамту және жапай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы туралы әңгімелеп берді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика