spot_img
Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
6.2 C
Kokshetau

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Көкшетаудағы құрылыс нысандарын аралады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Ақмола облысының Қазақстан мен Ресейдің 17-ші өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізуге дайындығы және жаңа нысандардың құрылысы, жергілікті маңызы бар жол желілерін салу барысымен танысты, деп хабарлайды  «Aqmola News» ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс басшылығы Көкшетау қаласы әуежайының қонақ үйін қайта жаңарту, «Болашақ Сарайы» атты қазіргі заманғы балалар мен жасөспірімдер сарайының, 9 қабатты көппәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы жөнінде баяндады. Айналмалы жолмен жаңа жағалауды салу бойынша құрылыс жұмыстары толық жүріп жатыр. Мұнда Қопа көлінің бойындағы автомобиль жолының көпірі және қарау алаңы, балалар және спорт алаңдары, жүгіру жолдары және шағын сәулет нысандары бар жағажай аймақтары салынады.


Үкімет делегациясы барлық нысандар құрылысының барысымен, «Достық» және «Көкшетау» қонақүйлерінің нөмірлік қорымен танысты. Сондай-ақ, «Kazrost Engineering Ltd» ЖШС арқылы «Вектор» комбайндарын өндіретін зауытына, «Agrimer-Astyk» ЖШС астық өңдеу кешеніне, «Азиякотломаш» серіктестігіне бу және су жылыту қазандықтарын шығаратын зауытқа, «Kaz Beef Processing» ЖШС ет өңдеу кәсіпорнына барды. Роман Скляр қойылған міндеттерді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, белгіленген жоспарларды орындау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XVII форумын өткізу екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынастарын дамытуға елеулі серпін береді және бизнес-қоғамдастықтардың өзара іс-қимыл аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img