spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
13.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында ҚР мемлекеттік рәміздер күні екі күн бойы мерекеленеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында ҚР мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Ел рәміздері – еркіндік нышаны!» атты ауқымды іс шара жүргізіліп жатыр,- деп хабарлайды «Aqmola News».

Бүгін – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді .

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі.

Осы мерекеге орай Ақмола облысының барлық аудандарында рәміздер күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мемлекеттік мекеме және мемлекеттік емес ұйым қызметкерлері жұмыс күнін Әнұранды қосыла шырқаудан бастады.

Бұған дейін мереке қарсаңында оқу орындарында түрлі байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды. Әлеуметтік желілерде атқарушы және ағартушы мекемелердің челендждері жалғасын тапты.

«Менің туым – менің Отаным» акциясы ұйымдастырылып,  мемлекеттік ту Ақмола облыстық сотының әкімшілік ғимаратына, Назарбаев даңғылы 94 және 86 мекенжай бойынша орналасқан «Көкшетау сити» және «Алуа строй» тұрғын үй кешендері терезелерінің әр қабатына еліміздің көк туы ілінді.

Қала тұрғындарын ҚР Мемлекетік рәміздері күнімен Қ.Шәкеев атындағы жас ақындары мектебінің басшысы, ақын Мұхамед Қонқаев құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Таң ертең Көкшетаудың орталық көшелерінде көк туды желбіретіп байлаған автокөліктердің автошеруі тұрғындардың Отансүйгіштік сезімін оятты.

Тұрғындар Әнұран орындалып, Ту желбіреп қаз қатар тізіліп кетіп бара жатқан автокөліктердің соңынан сүйсіне қарап тұрды.

Автошеруге жергілікті жол полициясы қызметкерлері еріп жүрді.

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге «Рубин», «Алтын ғасыр», «Рио» тәрізді ірі сауда үйлері қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану орындары, «Гормолзавод», «Ақсай нан», «Агример астық», «Көкшетау сүт зауыты»  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері ат салысуда.

Қаланың орталық алаңдары мен ірі сауда орындарында Қазақстан республикасының мемлекеттік Әнұраны үздіксіз шырқалуда.

«Ел рәміздері – еркіндік нышаны!» ауқымды шарасына қала тұрғындары, волонтерлер, мұғалімдер, оқушылар, мәдениет өкілдері, ақындар, спортшылар қатысуда.

Екі күн бойы өңірде айтулы датаға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген.

Рәміздер күніне ұйымдастырылған мекемелердің жұмыстарын көрсетуге, әлеуметтік желілерге таратып, қала тұрғындарын тартуға түсіру тобы мен жауапты мекемелер жасақталып,  іс-шаралар жалғаспақ.

Майра Қуанышқызы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img