spot_img
Жексенбі, Маусым 14, 2026
25.2 C
Kokshetau

Ақмолада жанармай көлігі түгелдей жанып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Оқиға Жақсы кентіне 12 шақырым жерде «Алматы-Екатеринбург» күрежолында орын алған. Сыйымдылығы 40 текше метрлік HOVO жанармай көлігінің техникалық ақауының салдарынан түгелдей жанып кеткен, – деп хабарлайды «Aqmola news»

Бұл туралы Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Көлік жол жиегіне аударылып түсіп, бірден тұтана бастаған. Өрттен жанармай көлігі толықтай жанып кетті. 100 шаршы метр аумаққа мазут төгілгені анықталды. Тілсіз жау 16.36 ауыздықталып, 16.50-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда, – деді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Өртті сөндіруге Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің 13 қызметкері мен 3 техника бірлігі сондай ақ «Жақсы Су Арнасы» ерікті өрт сөндіру құрылымы мен жергілікті полиция қызметі жұмылдырылған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Аршалы ауданында «Таза ел – жарқын болашақ» экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында «Таза ел – жарқын болашақ» атты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика