spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Карантин талаптарын орындамау-қауіп-қатерге жетелейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Карантин талаптарын орындату мақсатында мобильді топ құрылып 4211 нысанға рейд жүргізілді. Мамыр айының 11 мен 25 аралығында 525 ереже бұзу анықталды. Бұл туралы арнайы брифинг барысында өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Карантин талаптарын бұзу фактісі  негізінен қоғамдық тамақтану орындарында,  шаштараз бен сән салондарында, сауда нүктелерінде, дүкендерде, моншаларда орын алған.

Жүргізілген тексеріс нәтижесінде санитарлық-дезинфекциялық және маскалық режимдерді сақтамау, сатушылардың қолғап және маска кимей тұтынушыға қызмет көрсетуі, нан өнімдерінің сыртында қорғаныс қабшығының болмауы сияқты бірқатар ереже бұзушылықтар тіркелген.

  • Төтенше жағдай аяқталғанмен жаһандық вирустың өршуіне байланысты елімізде карантин сақталды. Бізге қазір халық денсаулығы маңызды. Барлық аудандар мен қалаларда жергілікті әкімшілікпен және полициямен бірлесе отырып, жұмысын бастаған нысандар бойынша тексеріс жүргізетін мобильді топтар құрылды. Бұдан кейін де дүркін-дүркін рейдтер ұйымдастырылады. Барлық санитарлық шараларды сақтау қажет,-дейді Айнагүл Мусина.

Дегенмен карантин талаптарын мүлтіксіз орындаған мекемлер де бар. Дәріханалар мен мектептер, спорт нысандары, балалар орталықтарында ереже бұзу байқалмаған.

Қазіргі уақытта мобильді топ түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Себебі жеке тұлғаларды жауапқа тарту алгоритмі әлі толық әзірленген жоқ.

Әзірге мониторинг жасалып, кәсіпкерлік субъектілеріне «COVID-19-дың алдын алу шаралары» ескертпесі таратылды.

Бас санитар дәрігер егер карантин талаптарын орындамау жалғасатын болса, тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын да жоққа шығармайды.

Майра Қуанышқызы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img