spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
8.5 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бастау алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы 72 жобаны жүзеге асыруға 10,9 миллиард теңге бөлінді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ішкі саясат бағдарламасына сілтеме жасап.

Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының жетекшісі Иван Юрченка мәлімдегеніндей, мемлекеттік бағдарлама төңірегінде жылумен қамтуға 34 жоба әзірленіп, оған бюджеттен 6,2 миллиард теңге бөлінген.

Бұл бағдарламалар арқылы өңірде 1364 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.

Бүгінде 56 жобаға келісім шарт жасалып, 16 жобаға конкурстық рәсімдер жасалуда.

– Биылғы жылы бұл бағдарлама облыстың бірқатар ауылдарында жылу қазандықтарын қайта жаңғыртып, қосымша 61 көп қабатты үйлерді, 454 жеке тұрғын үйлер мен 31 әлеуметтік  мәдени нысандарды орталықтандырылған жылумен қамтуға мүмкіндік береді,-дейді Юрченко.

Биыл Көкшетауда өткізілетін Қазақстан-Ресей өңіраралық форумына дайындық барысында 2,6 миллиард теңге қаражатқа  жылу магистралы жаңғыртылмақ.

Қазіргі таңда Красный Яр ауылында жылумен қамту жүйелерін қалыпқа келтіру жұмыстары қызған.

Бурабай ауданындағы жылу қазандықтары мен жылумен қамту желілерін жөндеуге 2,1 миллиард теңге бөлінген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img