spot_img
Сенбі, Тамыз 8, 2026
14 C
Kokshetau

Ақмолада саяси репрессия құрбандарына арналған жинақ жарыққа шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

«Ақмола облысының саяси репрессия құрбандары» атты естелік кітабы жарық көрді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Аталмыш жинақ » Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, саяси құғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жарыққа шықты.

 Жинақ ғылыми-танымдық үлгіде архивтерден жинақталған құнды 75 құжат енгізілген 4 бөлімнен тұрады.

Кітапта комитеттің құрамында болып, саяси оқиғаларға белсене араласқан ақмолалық интелегенцияның тағдырынан сыр шертетін оқиғалар баяндалады.

Бірінші бөлімде революция жылдарындағы уездік революциялық комитеттер қорлары мен атқарушы кеңес  депутаттарына, тыл жұмысшыларына қатысты саяси құжаттар топтастырылған.

Екінші бөлімде поляк, неміс, қарашай, балгар, шешен, қырым татарларынан ұлттық белгілеріне қарай репрессияға ұшырағандар туралы айтылады. Бұл ұлттардың белсенділері Отанын сатқан деп есептеліп, жер аударылған.

Үшінші бөлімде «Сталиндік репрессия» туралы архив құжаттары жарияланса, төртінші бөлімге қуғын-сүргінге ұшырағандардан қалған естеліктер, жеке хаттар, күнделіктер мен фотосуреттер топтастырылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ?

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз сайлау учаскесін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика