spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
13.8 C
Kokshetau

Ақмолада «Біз біргеміз!» акциясы жалғасуда

Сондай-ақ...оқыңыз

ТЖ кезінде «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында 8075 ақмолалық тұрғынға азық-түрінде, 8005 азаматқа 50 теңге көлемінде бір реттік қаржылай көмек көрсетілді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Аталған партияның «Біз біргеміз!» республикалық акциясы Ақмола облысында да жалғасын табуда. Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы мен «Тұңғыш Президент қоры» коронавирус кезеңінде халықтың әлеуметтің әлсіз тобына қолдау көрсету үшін қаражат бөлді.

« Төтенше жағдай кезінде облысымыздағы жалғызбасты қарттарға, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да мұқтаж жандарға әлеуметтік пакеттер үлестіріп берілді. Сонымен қатар акция шеңберінде 8005 адамға 7 санат бойынша 50 мың теңгеден бір реттік материалдық көмек берілді. Тағы да мобильді топ халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік тауарлары мен гигиеналық заттарды таратты,-деді облыстық филиалдың баспасөз қызметінен.

Акция тарапынан мұндай көмекке қол жеткізген көкшетаулық тұрғын Екатерина Анищенко аймақтық «Біргеміз Ақмола» қорына алғыс айтады.

Мен мектеп жасындағы 4 баланың анасымын. Қоғамдық қор маған бір реттік көмек ақша мен азық-түлік салынған корзина берді. Бұл бастаманы бастап, қол ұшын созған партия жұмысына алғыс айтамын,-дейді Екатерина Анищенко.

Қазіргі кезде де штаб жұмысы одан әрі жалғасуда. Күн сайын волонтерлер «Есіктен есікке дейін» қағидасы бойынша азық-түлік салынған пакетті мұқтаж жандардың үйлеріне  дейін жеткізіп беруде.

Майра Қуанышқызы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет!»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img