spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.2 C
Kokshetau

Отыздан астам ақмолалық кәсіпкерлер жалдау ақысынан босатылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Елде коронавирус инфекциясына байланысты төтенше жағдай жарияланғалы бері бірқатар ірі сауда орындары кәсіпкерлерді жалдау ақысынан босатқан. Бұл мәселе Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының жедел штабының да бақылауына алынған, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Облыстық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше бизнес субъектілеріне төтенше жағдай кезінде жалдау ақысын алмау туралы ұсыныстар жолданған. Алғаш болып «ЦУМ» және «SATTI» сауда үйлері үн қатып, кәсіпкерлерге қолдау білдірген. Бұдан кейін өңірдің басқа да жалға берушілері сауда орындары үшін алатын ақыларын алмауға шешім қабылдаған.

Атап айтқанда, «Орталық базар» АҚ-ы, «РИО» ойын-сауық орталығы, «Рубин» көтерме сауда үйі, «Керуен» сауда үйі, «Шайба» базары жалдау ақысын 80 пайызға қысқартса, «Жұмбақтас», «Нұр», Глобус», Нұрсая», «Астана», «Континент», «Nomad», сондай ақ Ерейментау ауданының «Солнечный» және «Даңқ Строй» сауда үйлері 10 пайыздан 50 пайызға дейін жалдау ақысын төмендеткен.

Ал, Көкшетау қаласының «Мечта», «Арман», «Смолл», «Жібек Жолы», «Алатау», «Салтанат», Шортанды ауданының «Сұлу», «Аида», «Жолымбет», Атбасар ауданының «Козерог», «Голд Стар», «Сити центр», «XL», «Евро стиль», «Керемет», «Жұлдыз», «Әлем», «Спутник», «Атбасар», Целиноград ауданының «Әйгерім», Біржан сал ауданының «Қазақстан», Бұланды ауданының «Сити», «Самал», Ақкөл ауданының «Магнит» сияқты сауда орындары төтенше жағдай кезінде өз қызметін тоқтатқан кәсіпкерлерден жалдау ақысын мүлде алмауды жөн деп тауыпты.

Жалға алушылардан жалдау ақысын төлеуден босату мәселесі жедел штабтың бақылауына алынған. Бүгінгі таңда штаб облыс аудандары мен Көкшетау және Степногорск қалаларының 66 жалға берушілерімен профилактикалық шаралар өткізді. Қазір өңірдің 11 жалға берушілермен жалдау ақысынан босату мәселесі шешілу үстінде, – деді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы директоры орынбасарының міндетін атқарушы Расул Сыздықов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img